Occuba Professional

Volume коллагенді сусабыны

Жұқа шашқа арналған

Хитозан мен анар сығындысы қосылған Occuba® коллагенді сусабыны шаштың құрылымын қалпына келтіріп, көлемін арттырады, сондықтан сіз үйде отырып-ақ сұлулық салонындағыдай кәсіби шаш күтімінің әсеріне қол жеткізе аласыз.

250 мл-лік құты
Германияда шығарылған

30.50 BYN
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Volume сусабыны жұқа шашқа қосымша көлем беріп, қалыңдатады әрі түбін нығайтады. Сусабынның құрамындағы күтім компоненттері шаш құрылымын қалыпқа келтіріп, шаштың сыртқы келбетін айтарлықтай жақсартып, ұшталып кетуіне жол бермейді.

  • AFG-System® құрамындағы амин қышқылдары шаш өзектеріндегі бос орындарды толтырып, қалпына келтіріп, қалыңдатады.
  • Хитозан шашты ылғалдандырады, регенерация процестері мен жасушалардың жаңаруын жеделдетеді. 
  • Анар сығындысы бас терісі мен шашты жас әрі сау күйінде сақтап, оларды бос радикалдардан қорғайды.

Кімдерге арналған?

  • Үйде жасалатын күтімнің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Сульфатсыз сусабын іздеп жүргендерге.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  

Нетто салмағы: 250 г

  • Белсенді компоненттерге бай
    Occuba Professional құралдарының құрамында 20-ға жуық белсенді компоненттер бар, сондықтан сіз үйде отырып-ақ сұлулық салонындағыдай кәсіби күтімге қол жеткізе аласыз. Occuba сусабындарының негізі судан емес, коллагеннен құралған. Гидролизденген биобелсенді коллаген су секілді ББЗ-ды ерітіп қана қоймай, шашты тазарту сатысында-ақ қарқынды күтім көрсетуді бастап кетеді.
  • Неміс сапасы
    Occuba Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Hairсosmetics компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Қауіпсіздік
    Occuba Professional-дың барлық өнімдерінің құрамында SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, зиянды консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ. Occuba Professional-да қолданылатын жұмсақ жуғыш негіз – кокос пен пальма майларына негізделген ББЗ – бас терісінің қорғаныш қабатын зақымдамай әрі оны тітіркендірмей, шаштағы май мен кірді кетіреді.
  • Айқын нәтиже
    Occuba Professional құралдары шашты ұқыптап тазалап қана қоймай, ылғалдандырып, қоректендіріп, жылтыратады, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды. Бұл құралдардың жинақтаушы әсері бар, яғни шашыңыз күн сайын жақсара беретін болады. 
  • Қайталанбас хош иістендіру тәсілі
    Иіссу нарығындағы көшбасшы – «Аржевиль» компаниясы (Франция) әзірлеген танымал хош иістер.
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    Occuba Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген. 

AQUA, DISODIUM LAURETH SULFOSUCCINATE, SODIUM COCOAMPHOACETATE, POTASSIUM COCOYL HYDROLYZED COLLAGEN, POLYQUATERNIUM-4/HYDROXYPROPYL STARCH COPOLYMER, GUAR HYDROXYPROPYLTRIMONIUM CHLORIDE, PANTHENOL, PROPYLENE GLYCOL, HEXYLENE GLYCOL, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, ALANINE*, GLUTAMIC ACID*, ASPARTIC ACID*, HEXYL NICOTINATE, DECYL GLUCOSIDE, PANTHENYL ETHYL ETHER, GLYCERYL LAURATE, TOCOPHERYL ACETATE, PHYTANTRIOL, LACTIC ACID, CHITOSAN, PUNICA GRANATUM FRUIT EXTRACT, PHENOXYETHANOL, BENZOIC ACID, DEHYDROACETIC ACID, CI 19140, PARFUM (FRAGRANCE): CITRONELLOL, BENZYL SALICYLATE, BUTHYLPHENYL METHYLPROPIONAL, BENZYL ALCOHOL, AMYL CINNAMAL, LINALOOL.

* AFG-System®.

Сусабынның негізі

  • Жұмсақ ББЗ
    Occuba Professional сусабындарында негізгі жуғыш зат ретінде Disodium Laureth Sulfosuccinate – теріні тітіркендірмейтін жұмсақ ББЗ қосылады. Бұл бейионогенді ББЗ-ны әдетте ақылды сабын деп атайды, себебі ол терінің қорғаныш қабатын зақымдамай, бас терісінің бетіндегі кір мен майды кетіреді. 
  • Коллагенді негіз
    Occuba Professional сусабынының құрамында шашты қалпына келтіруге пайдасы зор, коллаген негізіндегі Potassium Cocoyl Hydrolyzed Collagen компоненті, және кокос пен пальмоядро майынан жасалған өсімдік майлары бар.
  • Кондициялайтын қоспа
    Өнім құрамында арнайы қондициялағыш Guar Hydroxypropyltrimonium Chloride қоспасы бар, соның арқасында Occuba Professional сусабындарын кондиционерсіз-ақ қолдана беруге болады, шаш оңай таралып, реттеледі.

Белсенді компоненттер

  • AFG-System® – топтамадағы әр құралдың құрамына кіретін, фруктоза мен глюкозадан және амин қышқылдарынан құралған бірегей кешен. Бұл кешен шашты қалпына келтіріп, оны едәуір созылғыш әрі иілгіш етеді.
  • PANTHENOL (пантенол) ылғал ұстағыш, жұмсартқыш және ылғалдандырғыш қасиеттерге ие тамаша құрал, ылғалдандырғыш әсерді ұзақ уақыт сақтай алады. Сондай-ақ, бұл кумулятивті эффект болып табылады, яғни пантенол қосылған өнімдерді қолданған сайын әсері күшейе түседі. Оның үстіне, бұл компоненттің шаштағы ылғалды сақтау қабілеті шашты фенмен кептіргенде де сақталатынын атап өткен жөн.
  • CHITOSAN (хитозан) шаш құрылымымен үйлесетін қасиетінің және шаш пен терінің тыныс алуына септесетін ылғал ұстағыш тосқауыл жасай алатын қабілетінің арқасында үздік ылғалдандырғыш компонент болып саналады. Сондай-ақ хитозан регенерация процестері мен жасушалардың жаңаруын іске қосады. Терінің терең қабаттарына белсенді компоненттерді жеткізеді, тамаша өткізгіштік және бактерияға қарсы әсер ететін қасиетке ие. 
  • PUNICA GRANATUM FRUIT EXTRACT (анар сығындысы) дәрумендер (В1, В2, В3, В5, В6, В9, С, Е, К) мен микроэлементтердің (кальций, темір, мырыш, магний, марганец, фосфор, калий, молибден, алюминий, селен, кремний) көзі. Анардың құрамындағы антиоксиданттар оның құрамындағы аналогтарға қарағанда бірнеше есе белсендірек. Олар бас терісі мен шашты сау әрі жас күйінде сақтап, бос радикалдардан қорғайды. Пуникалагин – тек анардың құрамында болатын антиоксидант, ол теріні токсиндерден тиімді қорғап, қартаю процесін екі есе баяулатады. Сондай-ақ, оның ішіндегі фолий қышқылы қоршаған ортаның агрессивті әсерінен туындайтын қауіпті азайтады. Тері жасушаларына босаңсытқыш әрі ылғалдандырғыш әсер етеді, қабынуға қарсы әрекет етеді. Пиницил қышқылы мен омега-5 теріні құрғап кетуден қорғап, ылғалды ұзақ уақыт сақтайды.
  • Алақаныңызға кішкене сусабын жағып, көпіртіңіз. 
  • Сусабынды шаштың ұзындығы бойынша біркелкі жағып шығыңыз. 
  • 30 секундтай бас терісін уқалап, массаж жасаңыз. 
  • 2 минуттан аса жуып, шайыңыз. 
  • Қажет болса, процедураны тағы бір қайталаңыз. 

Өнім туралы пікірлер Volume коллагенді сусабыны

Сіздің тұрғылықты жеріңіз