Occuba Professional

Restore спрейі

құрғақ және зақымдалған шашты қарқынды түрде қалпына келтіру

Спрейдің құрамында шашты сыртынан қарқынды қалпына келтіретін және ішінен қоректендіретін гидролизденген кератин молекулалары бар. Белсенді компоненттер шаштың иілгіштігін арттырады және оны күшейтіп, сау әрі жылтыр етеді. Кератин тек ақуыз жетіспейтін жерлерде белсенді әрекет етеді, сондықтан шашты ауырлатпайды.

200 мл-лік құты

22.60 BYN
!Сыйлық шотынан төлеуге болады
!Тауар қоймада жоқ

Кератин қосылған, шашты қалпына келтіретін спрей шаш құрылымына еніп, оны сыртынан да, ішінен де қалпына келтіріп, құрғақ және зақымдалған шашты қарқынды түрде қоректендіреді. Қолданған соң оны жуып тастаудың қажеті жоқ, сондықтан ондағы белсенді компоненттер шашты келесі рет жуғанға дейін әрекет етіп, шашты ұзақ уақыт көрікті күйінде сақтайды. 

  • AFG-System®шашқа жылтыр мен жұмсақтық сыйлап, қажетті ылғалдық деңгейін қамтамасыз етеді. 
  • Гидролизденген кератин молекулалары зақымдалған шаш бөліктеріне еніп, оны ішінен қоректендіріп, сыртынан қалпына келтіреді. Шаштың беткі қабатын тегістеп, иілгіштігін арттырып, күшейтіп, жылтыратады. 

Кімдерге арналған?

  • Үйде жасалатын күтімнің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Сульфатсыз сусабын іздеп жүргендерге.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Белсенді компоненттердің мөлшері 5 есе көп 
    Қарапайым сусабындардың 90%-ға жуығы судан тұрады және бар болғаны 10% пайдалы заттармен қамтылғанын ескерсек, Occuba Professional 50% белсенді компоненттерден тұрады, сондықтан да шашты қарқынды қалпына келтіру мен көзге анық байқалатын әсерді қамтамасыз етеді.  
  • Қауіпсіздік
    Occuba Professional-дың барлық өнімдерінің құрамында SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, зиянды консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ. OCCUBA® Professional-да қолданылатын жұмсақ жуғыш негіз – кокос пен пальма майларына негізделген ББЗ – бас терісінің қорғаныш қабатын зақымдамай әрі оны тітіркендірмей, шаштағы май мен кірді кетіреді.
  • Айқын нәтиже
    Occuba Professional құралдары шашты ұқыптап тазалап қана қоймай, ылғалдандырып, қоректендіріп, жылтыратады, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды. Бұл құралдардың жинақтаушы әсері бар, яғни шашыңыз күн сайын жақсара беретін болады. 
  • Неміс сапасы
    Occuba Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Hairсosmetics компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    Occuba Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген. Оларды таңдауға арнайы шақыртылған ғылыми қызметкер, м. ғ. д., жоғары санатты дерматолог дәрігер, РҒА СБ клиникалық және эксперименттік лимфология ҒЗИ қызметкері – Свечникова Наталья Николаевна қатысты.

AQUA (WATER), PVP, COCAMIDOPROPYL BETAINE, HYDROLYZED KERATIN, PEG-40 HYDROGENATED CASTOR OIL, HEXYL NICOTINATE, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, ALANINE*, GLUTAMIC ACID*, ASPARTIC ACID*, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, HEXYLENE GLYCOL, CITRIC ACID, BENZOIC ACID, DEHYDROACETIC ACID, PHENOXYETHANOL, CI 19140, CI 20285, BENZYL ALCOHOL, HEXYL CINNAMAL, CITRONELLOL, d-LIMONENE, LINALOOL, AMYL CINNAMAL, EUGENOL, BENZYL SALICYLATE, PARFUM (FRAGRANCE).

* AFG-System®

Белсенді компоненттер

  • AFG-System – амин қышқылдары, фруктоза мен глюкозадан тұратын бұл бірегей кешен осы топтамадағы әр құралдың құрамына кіреді. Ол шашты қалпына келтіріп, созылғыш әрі икемді етеді.
  • Кератин – шаштың ішіне оп-оңай еніп, бос жерлерін толтырып, күшейтеді, шашты иілгіш етіп, жылтыратады. 
  • Жуылған шашты сүлгімен сәл кептіріңіз де, кондиционерді шаштың ұзындығына түгелдей шашыңыз. 
  • Жуып тастамаңыз.

Жақсы нәтижеге жету үшін, Restore спрейімен қатар қолданыңыз. 

  • қалыпты және құрғақ шаштарға – Care сусабыны, боялған шаштарға – Color, зақымдалған шаштарға – Repair, майлануға бейім шаштарға – Balance, жұқа шашқа қосымша көлем беру үшін – Volume,
  • зақымдалған шашты қарқынды түрде қоректендіру үшін – шашты қалпына келтіретін Cure маскасы. 

Өнім туралы пікірлер Restore спрейі

Сіздің тұрғылықты жеріңіз